Намазға жығылған Қайрат Нұртас жанкүйерлерін қуантып тастады

Бүгінде барша Қазақстанға танылып, шетелдік әншілермен дуэт құрған Қайрат Нұртас намазға жығылды. Әнші отандық арналардың біріне берген сұхбатында ендігі арманының тізе бүгіп Аллаға құлшылық ету екендігін айтқан болатын.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Арманы адастырмай талай биік шыңды бағындырған әнші бір көрген жанға сырын ашуға құмар. Бұл әдеті үшін де өмірден көп опық жеп, талай өкінген-ді. Десе де, ол әрдайым алға жүріп, өзіне қымбат жандарды қуантқысы келетінін айтып жүреді.

Әнші осы уақытқа дейін отандық арналардың біріне берген сұхбатында намазға жығылғысы келіп жүргенін айтқан болатын. Бұл оның көптен бері аңсап жүрген арманы екен.

Бүгін Қайрат Нұртас өзінің Instagram желісіндегі парақшасына тізе бүгіп, намаз оқып отырған суретін жариялады. Аталған суретті көрген желі қолданушылары ниетінің қабыл болуын тіледі.

Суреттегі азамат теріс қарап отырғандықтан, оның нақты Қайрат Нұртас екенін айту қиын. Десе де, желі қолданушылары оны әншіге балып, түрлі пікір білдірген-ді.

Тыңдармандардың бірі “Әумин, Қайрат, ниетің қабыл болсын” сынды тілек білдірген. Ал екіншілері суреттегі жігітті сынап үлгерген. Олар ер адамның намазды бас киім киіп оқитынын айтқан.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий