«Нан, жұмыс, бостандық». Тәліптер Кабулда әйелдердің бейбіт акциясын күшпен таратты

«Талибан» қозғалысының жауынгерлері «Нан, жұмыс, бостандық» деген ұранмен Кабул көшелеріне демонстрацияға шыққан әйелдерді күшпен таратты.

13 тамызда 40-қа жуық әйел құқықтары мен бостандықтары шектеліп жатқанына қарсы болып, наразылық акциясын өткізу үшін білім министрлігі алдына шыққан.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда «Талибан» әскерінің аспанға оқ атып жатқанын көруге болады. Жиналғандар қаша бастағанда, олар әйелдерді қуып жетіп, автоматтарымен ұрған.

Ауғанстандағы тәуелсіз журналистер бірлестігі акцияны түсіруге барған бір шетелдік журналистің ұсталғанын, тағы екі жергілікті журналист жарақат алғанын мәлімдеді.

Amnesty International халықаралық ұйымы тәліптер бейбіт акцияны күшпен таратқанына алаңдаушылығын жеткізді.

Былтыр 15 тамызда Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін «Талибан» өлкеде әйелдердің жұмыс істеуіне және білім алуына шектеу қойған.

Әзірге тәліптердің билігін бірде-бір өлке таныған емес.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий