НАСА америкалық ғарыш агенттігі «Артемида 2» миссиясы құрамына кірген төрт ғарышкерді таныстырды. Олар Айға 2024 жылы ұшады.
Миссия құрамына америкалықтар Кристина Кук, Виктор Гловер, Рейд Уайзмен және канадалық Джереми Хансен кірді.
Астронавтар 50 жылдан астам уақыттан бері Айға ұшатын алғашқы адамдар атанады. Олар «Орион» ғарыш капсуласы мен жаңа дәуірдің зымыраны бортында алғаш рет ұшады. Экипаж Айға қонбайды, Жер серігін айналып қана өтіп, сол арқылы «Орионның» жұмысқа қаншалықты жарамды екенін тексереді.
НАСА таратқан хабарды АҚШ президенті Джо Байдан мақтады. Оның пікірінше, астронавтарды Айға жіберу ғарышты зерттейтін келесі ұрпаққа дем береді.
«Артемида 2» миссиясы сәтті өткен жағдайда АҚШ 2025 жылы экипажды Айға жібереді. Сол кезде Кристина Кук Жер серігіне аяғы тиген алғашқы әйел атанады.