НАТО бас хатшысы: ресейлік миссияның сегіз мүшесі арнайы қызметтің өкілі болған

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік атлантикалық альянстағы ресейлік миссияның сегіз мүшесі «арнайы қызметке қатысы бар» деген негізбен аккредитациясынан айырылғанын растады.

Столтенберг ресейліктерді кетіру «қандай бір оқиғаға байланысты қабылданбағанын» айтты. Ол НАТО өкілдері соңғы кездері Ресейдің зиянды істері көбейгенін байқағанын және бұл жолы жауапты шара қолданатынын ескертті.

Бір тәулік бұрын ресейлік сегіз дипломат аккредитациясынан айырылып, тағы екі қызметкердің орны қысқартылғаны хабарланған. Осымен НАТО-дағы ресейлік миссия 20 адамнан 10-ға қысқарды.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл бойынша пікір беріп, Мәскеуде НАТО-мен келіссөз жүргізу бойынша ешқандай иллюзия қалмағанын жеткізген.

Ресейдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова НАТО-ның бұл шешімі Мәскеуді таңқалдырғанын, оған қарсы «жауапты шара» болатынын мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий