НАТО жедел әрекет ету күшінің санын 300 мың адамнан арттырады деп хабарлайды Америка дауысы Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөздеріне сілтеме жасап.
«Біз НАТО-ның жедел әрекет ету күшінің құрылымын қайта қарап, адам санын 300 мыңнан көбейтеміз», – деген ол.
Столтенбергтің сөзінше, 28-30 маусымда өтетін Мадрид саммитінде одақтастар қауіпсіздікке байланысты жаңа стратегиялық тұжырымдама қабылдамақ. Сонымен бірге құжатта бірінші рет Қытайдан келетін қауіп-қатер жайлы да айтылмақ.
НАТО-ның жедел әрекет ету күші – бұл құрлық, әуе және теңіз күштерінен тұратын әскери құрылым. Қазір бұл құрылымда шамамен 40 мың сарбаз бар.
Балтық: НАТО сарбаздары Латвиядағы әскери жаттығуда: