Назарбаев: Әлем алдында ұятқа қалып жүрмейік

Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі белесі. Осы кезеңде бізге сырттан көз тігіп, сынай қарап отырғандар көп, — деді  Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтіп жатқан мемлекеттің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған кеңесте.

Бұл туралы Ақорданың твиттер-аккаунты хабарлап отыр.

«Әлем алдында ұятқа қалмай, күрделі мәселені сындарлы сұхбатпен шеше алатынымызды паш ете білуіміз керек. Бірлігі болмағандықтан, берекесі кеткен, неше жылдық еңбегі зая болып, дамуы кері қашқан қаншама елдер бар. Біз солардың қателігін қайталап, жұрттың табасына қалмауға тиіспіз», — деді  президент.

«Біз бірлігі берекелі елдің ырысы мол боларын білеміз»,  — деп атап өтті елбасы.

Дереккөз: ИА «Казинформ»



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий