Назарбаев Трамппен кездесу үшін Вашингтонға барды

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездеседі.

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына барды. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий