коллаж: NUR.KZ
«Барлық реформалар қаржыландырылады. Триллиондаған теңге бөлiнiп жатыр. Есеп комитетi ғана 160 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықтаған. 47 лауазымды тұлға әкiмшiлiк, 223 тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған. Құқық қорғау органдарына көп материал берiлдi», — дедi президент үкiметтiң кеңейтiлген отырысында.
Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Қайрат Қожамжаровтан өткен жылы сыбайлас жемқорлық бабы бойынша қанша адам жауапкершiлiкке тартылғанын сұрады.
«2900 лауазымды тұлға», — деп жауап бердi Қожамжаров.
«Оларды «Болашақпен» оқуға жiберiп, тәрбиелеп, барлық қызмет сатысымен өсiрiп, алып келесiң, ал олар түрмеге түседi. Өте өкiнiштi», — дедi елбасы.
«Мен бұл адамдардың ата-аналарынан да көп уайымдаймын. Бәрi бекер. Менiң ойымша, бұл мемлекеттiк мүдде мен көрсетiлген сенiмге жасаған сатқындық. 2900 адам тергеуде отыр. Сонда да тоқтамайды», — деп қынжылды президент.