Назарбаев жемқорлықпен ұсталған шенеуніктердің әрекетін сатқындыққа теңеді

коллаж: NUR.KZ

Президент жемқорлық қылмыс жасап, ұсталып, түрмеге түскен шенеунiктерге қатысты қынжылыс бiлдiрiп, бұл мемлекеттiк мүдде мен сенiмге жасалған сатқындық дедi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Барлық реформалар қаржыландырылады. Триллиондаған теңге бөлiнiп жатыр. Есеп комитетi ғана 160 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықтаған. 47 лауазымды тұлға әкiмшiлiк, 223 тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған. Құқық қорғау органдарына көп материал берiлдi», — дедi президент үкiметтiң кеңейтiлген отырысында.

Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Қайрат Қожамжаровтан өткен жылы сыбайлас жемқорлық бабы бойынша қанша адам жауапкершiлiкке тартылғанын сұрады.

«2900 лауазымды тұлға», — деп жауап бердi Қожамжаров.

«Оларды «Болашақпен» оқуға жiберiп, тәрбиелеп, барлық қызмет сатысымен өсiрiп, алып келесiң, ал олар түрмеге түседi. Өте өкiнiштi», — дедi елбасы.

«Мен бұл адамдардың ата-аналарынан да көп уайымдаймын. Бәрi бекер. Менiң ойымша, бұл мемлекеттiк мүдде мен көрсетiлген сенiмге жасаған сатқындық. 2900 адам тергеуде отыр. Сонда да тоқтамайды», — деп қынжылды президент.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий