Назарбаевтың ел мен жер және тіл тағдыры туралы толғамдары

Нұрсұлтан Назарбаевтың ел мен жер және тіл тағдыры туралы толғамдарын «Қамшы» порталы ел назарына ұсынды.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Ел туралы жағдай ойлау да, халықтың тағдырымен ойнау да түбі жақсылыққа апармайды.

Жер тағдыры – ел тағдыры.

Осындай алып ауқымды аумағы мен осындай бай тарихы бар қазақ халқы бақытты әрі жұлдызы да жоғары.

Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-сөкен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жасбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…

Қазақтың қасиетті жерінің асты да – байлық, үсті де – байлық.

Жерден өткен байлық жоқ: жер болса – ел болады, ел болса – ер болады.

Қазақ халқы – тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзегін ғасырлар тереңіне тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық.

Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

Кез келген мемлекеттің қуаты – халқында.

Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас.

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы.

«Жылдар мен Ойлар» жинағы, «Алматыкітап» баспасы, 2013 жыл.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий