Әндетіп бата берген қария желінің жұлдызы болды

Бата беріп тұрған қария. Скриншот видеодан алынды

Ауыл ақсақалының дастарқан басында әндетіп бата бергені желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарияның ерекше бата бергені жайлы видео BAGLANist-ның youtube парақшасына жүктелген.

Видеоның желіге жүктелгені сол еді көрген адамдардың пікірі екіге жарылды. Бірі ерекше бата берген қартты мақтаса, екінші бірі даттап жатыр.

Желі қолданушылары: «Қазіргі аталар батаны мазаққа айналдырды ғой. Үлкендеріміз осылай жасаса, жастардан не сұраймыз», — деп жазса, енді бірі әндетіп бата берген қарияны жоқтау айтып тұрған адамға ұқсатты.

Бұл видеоның нақты қай өңірде түсірілгені белгісіз, алайда пікір қалдырушылар қарияның Жаңаарық ауылының тұрғыны екенін айтуда.

Видео авторы: BAGLANist

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий