Кадр 31 арнадан алынды
Жол-көлік оқиғасы кеше кешкісін ел астанасы Катмандудан 400 шақырым жерде болған. Автобус ең алдымен бір бүйіріне аударылып, 200 метр сырғыған соң өзенге бірақ құлаған. Сол себепті де қаза болған адамдар саны көп болып тұр. Көлікте болған жолаушылардың барлығы маңайдағы ауыл тұрғындары.
Зардап шеккендердің кейбіреулерін жақын арадағы ауруханаға тікұшаққа тиеп жеткізуге тура келді. Непалда жолдар өте нашар, қоғамдық көліктер ескі болғандықтан жол-көлік оқиғалары жиі болады екен.