Нидерландта зорланған әйелге эвтаназия жасауға рұқсат берілді

Нидерланд билігі сексуалды зорлыққа ұшыраған әйелдерге өз еркімен өлуге мүмкіндік беретін инъекция түрі эвтаназияны салдыруға рұқсат берді. Бұл туралы «Дождьқа» сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Шамамен 20-30 жаста деп топшыланып отырған әйел екі жыл бұрын өзіне эвтаназия салуға рұқсат беруін сұраған. Есімін құпия сақтап қалуды жөн көрген әйелді 15 жасында зорлап тастаған екен.

Содан бері ауыр психологиялық жағдайға душар болып, күйзеліске түскен әйел одан әрі өмір сүруге құлқы жоқтығын алға тартқан. Одан бөлек анорексия сырқатына шалдыққан әйелге дәрігерлер көмек көрсете алмай отыр.

Нидерланд билігі әйелдің өтінішін қабылдап, эвтаназия жасатуға рұқсат берді. Бұл ел — өлуге мүмкіндік беретін инъекцияға тұңғыш болып рұқсат берген мемлекеттердің бірі. Бельгия, Люксембург, Швейцария және Калифорнияда да эвтаназияға рұқсат берілген.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий