Нигерияда тамақ таппаған 75 мың бала аштықтан өлуі мүмкін

Фото: 24.kz

Нигерияның солтүстігінде ашаршылықтан таяуда 75 мың бала өліп кетуі мүмкін деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманиталық бағдарламасын үйлестірушісі Петер Лундберг мәлімдеді. Себебі, «Боко Харам» қарулы тобының қолынан азат етілген солтүстік-шығыстағы Борно штатын ашаршылық жайлап, 14 миллионға жуық адам көмекке зәру.

Олардың 400 мыңдайы — кәмелет жасына толмағандар. Ал осы аймақтағы 7 жылға созылған үкімет әскері мен экстремистер арасындағы соғыстан ондаған мың адам опат болған. Сондықтан халықаралық ұйым бұл дағдарысты бір өзі шеше алмайтынын да айтты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий