Николаев қаласында бес қабатты үйге зымыран құлап, бірнеше адам өлді

Қала басшысы Александр Сенкевичтің мәліметінше, 11 қарашаға қараған түні Ресей әскері тұрғын үй ауданын зымыранмен атқылады. Бір зымыран бес қабатты үйге түсті.

«Бесіншіден бірінші қабатқа дейін қирап қалды», – деп жазды Сенкевич телеграм-арнасында. Оның айтуынша, кем дегенде екі адам өлді, тағы екі адам жараланды.

Мәліметті Николаев облысы әскери әкімшілігінің басшысы Виталий Ким растады. Кейін ол қаза болғандар бесеуге жеткенін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Николаев қаласында түсірілген видео жариялап, қалаға жасалған соққыны «террорист мемлекеттің майдандағы біздің сәтті қадамдарымызға қорқау жауабы» деп сипаттады.

Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады президент.

9 қарашада Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерді Днепрдің оң жағалауына көшіруді бұйырды. Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковтың пікірінше, Ресейге әскерді әкету үшін кем дегенде бір апта қажет.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий