Норвегия-Хельсинки комитеті Батыс елдерін тәжік билігіне санкция салуға шақырды

Норвегия-Хельсинки комитеті журналистер Анора Саркорова мен Рустам Жонидің туыстарына қысым көрсетіп жатқаны үшін Тәжікстан билігін сынға алды.

Комитеттің 14 сәуірде жариялаған мәлімдемесінде журналистердің туыстарына қысым көрсетуі – Тәжікстандағы сөз еркіндігіне жасалған шабуылдың бір түрі болып есептелетінін атап өткен.

«Авторитарлық режимдер адам құқықтарын бұзғаны үшін жазаланбаған жағдайда осындай көріністер болады. Вашингтон мен Брюссельді Тәжікстан билігін санкция тізіміне енгізуге шақырам», — деді комитеттің бас хатшысы Берит Линдеман.

Норвегия-Хельсинки комитеті мәлімдемесінде Душанбенің бұл әрекеті билікті сынаған шет елдегі адамдардың «үнін басуға» бағытталғаны айтылған.

Прагада тұратын тәжікстандық журналистер Рустами Жони мен Анора Саркорова әлеуметтік желілер арқылы Таулы-Бадахшан автоном облысында болған 2021-2022 жылдардағы наразылықтардың күшпен басылғанын сынға алып келеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий