Әнші Шахизада үш мың көрерменнің алдында немересінің тұсауын кесті

Әнші Шахизада. Фото: xmusic.kz

Танымал әнші Шахизада Байпатшанова өнердегі отыз жылын қорытындылайтын концерт беріп, халықтың алдында немересінің тұсауын кестірді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әншінің концерті үш мың адамдық Республика сарайында өтті. Шахизада шоу-концертіне ең арзаны 300 мың теңге тұратын көйлегін киіп, қарызданса да шығармашылық кешін өткізгенін айтқан.

Шахизаданы құттықтап өнердегі әріптестері де келді. Оның ішінде, Қайрат Нұртаспен әншінің дуэт орындауы көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды.

Кеш соңында әнші Мақпал Жүнісоваға немересінің тұсауын кестірді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий