Нуланд: АҚШ-та Киевке әскери ұшақтар беру мәселесі талқыланып жатыр

Вашингтонда Украинаға төртінші не бесінші буындағы әскери ұшақтарды беру мәселесі қаралып жатыр. Осылай деп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд The Washington Post басылымына берген сұқбатында айтты.

Оның сөзінше, ұшақтарды беру туралы шешім Киевтің қажеттілігі бағаланғаннан кейін қабылданады.

Нуланд сонымен бірге Вашингтон стратегиялық ядролық қаруды шектеу келісімі аясында екі тарапты инспекцияларды қайта қалпына келтіруді қалайтынын жеткізді. Осыған дейін Мәскеу аталған келісімнен бір тарапты шыққанын жариялап, бұл шешімін Украинаның Ресейдің стратегиялық авиациясына жасаған соққысына Батыстың қатысы бар екенімен түсіндірген.

Мемлекеттік хатшының орынбасары орыс билігінің бұл мәлімдемесін Ресейдің ішкі аудиториясына бағытталған деп есептейді.

Бұдан бөлек Нуланд мемлекеттік департаменттің басшысы Энтони Блинкен мен Қытайдың сыртқы саясат бойынша бас кеңесшісі Ван Инин Мюнхен конференциясындағы кездесу туралы пікірін айтқан. Онда Блинкен Украинадағы соғыста пайдалану үшін Қытай Ресейге қару-жарақ беріп жатқаны бойынша алаңдаушылығын білдірген.

Нуланд Қытай Киев пен Мәскеу арасындағы диалогқа араағайын болуды ұсынатынын жеткізді. Ол сонымен бірге егер Бейжіңнің Ресейге қару беріп жатқаны расталса, Вашингтон қытай компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізуге дайын екенін жеткізді.

Ол Украина президенті Владимир Зеленский Киев Бейжіңге кездесу туралы ұсыныс жібергенін айтты. Зеленский Украинада бейбіт орнату бойынша Ван И айтқан Қытайдың жоспарын көрмегенін, бірақ ол жөнінде ақпараты бар екенін жеткізді.

«Әзірге құжатқан баға беруге ерте. Жалпы Қытайдың Украина жөнінде айта бастағаны жақсы көрініс», — деді Зеленский.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий