«Нью-Йорк-Ташкент» рейсінде мас жолаушы ұшақта жанжал шығарды

21 қазанда «Uzbekistan Airways» әуе компаниясының «Нью-Йорк-Ташкент» рейсімен ұшқан жолаушы ұшақта жанжал шығарды.

Әуе компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, 51 жастағы жолаушы мас күйінде болған. Ол ұшақта өз орнына отырудан бас тартып, оны тыныштандыруға әрекет еткен борт қызметкерлері мен басқа жолаушыларға қарсылық білдіріп, оларды кемсіткен.

Ақыр соңында жанжал шығарған жолаушыны орындыққа байлап қоюға тура келген. Ташкент әуежайына келгеннен кейін құқық қорғау органдары өкілдеріне тапсырған.

https://www.centralasian.org/a/30231549.html

Комментарий (0)
Добавить комментарий