Военный патруль в Соуэто
Оңтүстік Африка Республикасының билігі бұрынғы президент Жейкоб Зумаға қарсы шығарылған сот үкімінен кейін басталған жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін әскери күш қолдануды шешті.
Маусым соңында өлкенің Конституциялық соты Зуманы 15 жылға бас бостандығынан айырған. Саясаткер билікте болған 2009-2018 жылдары коррупция ісі бойынша соттың куәлік ету талабын орындамады деп айыпталған.
Өткен аптада Зума билікке өзі бағынып, қамауға алынғаннан кейін оның жақтастары жаппай наразылық акцияларын бастаған. Митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Кем дегенде алты адам көз жұмды.
Билік тәртіпсіздік кезінде 500-ге жақын адамның ұсталғанын мәлімдеді.