Қызметтік көліктер. Фото интернет желісінен.
«Қазақстан Республикасының екіпалаталы парламентіндегі депутаттардың саны 154 адам. Кейбір деректер бойынша, әр жыл сайын екіпалаталы парламенттің шығыны 15 млрд теңгені құрайды.
Яғни, бір депутатты қамтамасыз ету үшін (жыл сайын- NT) мемлекет 100 млн теңгедей жұмсайды, әр депутат үшін қазынадан күніне 380 мың бөлінеді. Парламент осынша шығынға лайық па? Білетініміздей, депутаттар арасында кедей және үйсіз жан жоқ. Бәрінің пәтері, көлігі мен ақшасы бар» — деп жазған Ілиясұлы Facebook парақшасында.
Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында қоғам қайраткері «депутаттарды қызметтік көлік пен пәтерлерінен айыруды ұсынады«.
Сондай-ақ, Ілиясұлы президент әкімшілігіндегі, үкімет мен облыс әкімдіктеріндегі қызметтік көліктер санын қысқартқысы келеді, себебі қызметтік көліктер мен көлікжайларды қамтамасыз ету үшін аз қаражат кетпейді.
Үнемделген қаражатты қоғам қайраткері «балаларды тәтті тоқашпен қамтамасыз етуге жұмсауды ұсынады».