Оң босағада отырып қалған жұлдыздар. Фото: Интернет желісінен
Жанар Дұғалова
Айрықша даусымен талайды таңғалдырған ару 1987 жылы қаңтарда туған. Әншінің талай пікірталас тудырған соңғы бейнебаяны Жанарды тыңдармандарына жаңа қырынан танытқан болатын. Дегенмен, оған үйленуге ұсыныс жасағандардың арасында әзірше лайықтысы табылмай жатқан секілді.
Әсел Садуақасова – актриса, 1985 жылы дүниеге келген. Соңғы жылдары актрисаның өмірі мен шығармашылығы ұқсас болып бара жатқандай. Асел басты рөлдерді сомдаған «Замуж в 30», «Келинка тоже человек» фильмдері соған дәлел.
Гүлназ Жоланова – актриса 1993 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Актрисалық карьерасын енді ғана бастаған Гүлназ күйеуге шығуды әзір жоспарламайтын секілді.
Кәмшат Жолдыбаева – әнші әрі актриса 1988 жылы туған. Спортты жанына серік еткен Кәмшаттың дене бітімі, сырт келбеті әншінің отыздан асқандығын байқауға жол бермейді.
Луина – әнші, Жанар Дұғалованың түйдей құрдасы, яғни ол да 1987 жылы дүниеге келген.
Мақпал Исабекова – әнші, 1984 жылы дүние есігін ашқан. Өнер жолында аса танымалдылыққа ие әншінің жеке өмірінде жолы болмай жүрген сияқты. Мақпалдың тыңдармандары тойдың ауылы алыс деп біледі.
Жәния Джуринская – актриса, 1990 жылы туылған. Соңғы жылдары бизнесте де, өнерде де белсенділік танытып жүрген Жәния жақын арада тұрмыс құруды ойламайтын секілді.