ОҚО-да аудан әкімі өзін туған күнімен құттықтауға міндеттеген

Алмасбек Мамытбеков. Фото: otyrar.kz

ОҚО-дағы Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков қызметкерлерінің құттықтауынан соң ұятқа қалды.

Бұл туралы Корреспондент басылымы жазады.

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбековті басқа емес, өз әкімдігінің ресми сайты құттықтап, Facebook-те бөлісіпті. Ал посттың астына әкімнің өзі рахмет айтып, коммент жазған.

«Ұзынқұлақтың айтуынша, жарнамасы онша келісіңкіремей жүрген әкім шырақ өзін бірдеңе ғып көрсету үшін сайт администраторларына «туған күніммен құттықтаңдаршы» деп өтінген көрінеді. Онда тұрған не бар дейтін шығарсыз? Иә, негізі онда тұрған ештеңе жоқ. Алайда білдей бір ауданның ресми сайты туған күнмен құттықтайтын телеарнаның «жүгіртпе жолы» не болмаса «құттықтау бағдарламасы» емес қой», — деп жазады басылым.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий