ОҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен балықшылар табылмай жатыр

Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында үш балықшы із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап SkifNews.kz. Суыт хабар құтқарушыларға 4 сәуір күні келіп түскен.

«4 сәуір күні сағат 13:05-те Созақта 1979, 1980 және 1986 жылы туған үш балықшының жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен аудандық әкімдік қызметкерлері бірге оларды іздестіруде. Іздеу шараларына 3 арнайы техника жұмылдырылды», — дейді ОҚО ТЖД-нің баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.

Балықшыларды іздеу жұмыстары Шу өзенінің Созақ ауданындағы бөлігінде жүргізіліп жатыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий