ОҚО-да қораз төбелестіріп пайдаға батқан азамат ұсталды

Фото: news.uzreport.uz

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында қораз төбелесін жасырын өткізіп келгендердің әрекеті әшкере болды деп хабарлайды Корресподент басылымы.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, полицейлерге Қарабұлақ елдімекенінің бір жергілікті тұрғынынан заңсыз құмар ойын ұйымдастырғаны туралы хабар түскен.

Сайрам АІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында 45 жастағы Қарабұлақ ауылы тұрғынының үйінің ауласында арнайы жасырын қораз төбелестірер арена дайындалып, тәртіп сақшылары барған уақытта қораздардың төбелесін тамашалап отырған он шақты ойыншыны ұстаған.

Полицейлердің анықтағанындай, 1971 жылы туылған Сайрам ауданының азаматы өзінің ауласында заңсыз құмар ойын ұйымдастырып, қораз төбелесіне ұтыс тігулерді қабылдап жүрген.

Айғақты зат ретінде 45 жастағы күдіктіден өзінің қораздары мен ақшасы тәркіленді. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Одан әрі тергеу жұмыстарын жүргізу үшін іс облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий