ОҚО-да педофил-полицей кішкентай қыздарға азғындық көрсетіп келген (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысында кішкентай қыз балаларға азғындық көрсеткен полиция қызметкері сотталды.

Бұл туралы ТВК жаңалығына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

22 жастағы жігіт ұсталғанға дейін Ішкі істер органдарында қызмет етіп келген. Ол қылмыстық кодекстің 124 бабы бойынша, яғни, «Кіші жастағыларға азғындық» көрсету ісі бойынша сотталып отыр.

Оқиға Ленгір ауданында болған. Қыс ортасында екі қыз баланың ата-анасынан қыздарының ер адам тарапынан азғындық әрекетке тап болғанын растайтын шағым түсті. Кейін белгілі болғандай, 26 қаңтар күні кешкісін сотталушы шалбарын шешіп, 12 жасар қызға өзінің жыныс мүшесін көрсеткен. Келесі күні тура осындай жайтқа 10 жасар қыз да тап болды.

ОҚО-дағы мамандардырылған ауданаралық соттың шешімімен Нұрлыбек есімді бұрынғы полиция қызметкері 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот айыпталушының педагогикажәне балалармен жұмыс істейтін салада қызмет етуге тыйым салып, әр отбасыға 200 мың теңгеден моральдық шығын төлеуге міндеттеді.

22 жастағы Нүрлыбек ұсталғанға дейін құқық қорғау қызметінде жұмыс істеп келген.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий