ОҚО-да өздері ереже бұзып, тұрғыннан қашып кеткен полицейлердің абыройы төгілді (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында жол қауіпсіздігін қадағалауға тиіс полицейлер өздері ереже бұзып, сұрақ қойған тұрғыннан қаша жөнелді. Ал енді бірі өзін таныстыруды өтінген жүргізушіге қоқан-лоққы танытты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Русан Жанпейісов есімді көлік жүргізушісі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қалысында көше бойында тұрған жол-патрульдік полицейлердің жұмыс барысын бақылап көрген. Шенді қызметкерлердің әрекетін видеоға түсіріп жүрген жүргізуші талай олқылықтан бетін ашыпты. Түсірілген видеоны автор ғаламторға жариялап жіберген.

Бір қызығы полицейлердің бірі өзін таныстыруды өтінген жүргізушіге «құжатымды көрсетпеймін» деп кесіп айтқан. X 510 KP мемлекеттік нөмірлі қызметтік көлікті тізгіндеген ол полицей түнгі уақытта қасына полицейлік формасы жоқ, азаматтық киімдегі ер кісіні отырғызып алған. Ал енді бір патрульдік полицейлер рұқсат етілмеген жол бойында ала таяқшасымен тұрған. Шенділер жүргізушіге бұл әрекеттерін дүкенге су алуға кеткен әріптестерін күтіп тұруымен түсіндірген.

Видеодан Х 093 KP мемлекеттік нөмірлі қызметтік көлікті мінген полицейдің бірі жолағы жоқ жолды жаяу кесіп өтіп, көлігіне отырғанын байқауға болады. Ол аз дегендей, өзіне сұрақ қойған көлік жүргізушіге жауап беруден жалтырған полицейлер қажетті жарықты жақпастан, артқа қарай жүріп, қаша жөнелген.

Видео авторы: Ruslan Zhanpeissov

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий