Қаңтардағы жылымық апта соңына дейін сақталады деген болжам бар.
Оңтүстік Қазақстан аумағында күн көктемдегідей жылып кетті. Соңғы күндері аймақ аудандарындағы сынап бағанасы орташа есеппен +10 градусты көрсетіп тұр, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Мамандар мұны оңтүстіктен келген жылы ауа ағынының әсерінен деп түсіндіреді.
Қаңтардағы жылымық апта соңына дейін сақталады деген болжам бар.
Ал Шымкентте жұпар ағашы бүр жара бастаған.
Динара Айтмырзаева, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының инженер-синоптигі: – Оңтүстік аудандарда +15+17 градус тіркелді. Ол бізде циклонның шығуынан, циклонмен байланысқан жылы фронттың ауысып келуінен ауа температурасы көтерілді.