ОҚО-да жоғалып кеткен 6 жасар баланың туыстары көпшіліктен жылап көмек сұрады (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен 1-ші сынып оқушысы Мұхаммед Қамшыбектің туыстары көпшіліктен баланы іздеуге көмектесуді сұрады.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

«Құдайға қараған адам болса, баланы аман-сау қайтарады деп ойлаймыз. Баланың амандығы керек бізге», — деп көзіне жас алды оқушының атасы.

«Құрметті халайық, көмектесіңіздер бізге! Көрген-білгендеріңіз болса бізге хабарлаңыздар», — дейді Мұхаммедің әпкесі Ақтолқын Ағабекова.

Еске сала кетейік, осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен 1-ші сынып оқушысы Мұхаммед Қамшыбек әлі табылған жоқ. Полиция күдіктінің фотороботын жасап, еріктілер сәбиді бернеше күннен бері іздестіріп жатыр.

Мұхаммеді сабақтан шыққан соң, жасы 50-лер шамасындағы толықша келген әйел өзімен бірге алып кеткен.


Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий