ОҚО тұрғыны аудандық аурухананың адам шошырлық жағдайын айтты (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық ауруханасындағы жағдай адам шошырлық сияқты. «Бұл мекеменің жазылмаған өз заңдары бар» деген емделуші 31 арнаға назын айтып хабарласқан.

«Мен түскен кезде «палатаға орын жоқ» деді. Алдыңғы күні кешке түстім. Ал менен кейін келгендер палатаға орналасты. Мен ол кезде ақша беретінін білген жоқпын. Сол кезде бір келіншек айтты: » ақша берсең жақсы қарайды» деп. Келіншектер жаны ашығандықтан айтып жатыр», — дейді емделеуші.

Бес айлық баламен ауруханаға түстім деген тұрғынның сөзінше, бұл Сарыағаш аудандық ауруханасындағы қазіргі жағдай. Науқастар дәл осылай дәлізде ем алып жатырмыз дейді. Ал тілін тапқандар палатадан орын алғанын айтады.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары науқастар дәлізде жатқан жоқ, бірақ шынымен де ауруханаға түсіп жатқандар саны күрт өсті деп отыр.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий