Оңтүстік Кореяға аттанған бір топ отандасымызды жертөлеге қамап қойған

Кадр КТК арнасы

Оңтүстік Кореяға аттанған бір топ отандасымыз 3 күннен бері әуежайдан шыға алмай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі Ташкент арқылы Инчхон қаласына бағыт алған саяхатшыларды әуежай қызметкерлері жертөлеге қамап қойған екен. Бірақ не үшін ұстап отырғандарын түсіндірмепті.

Тек ұшақтан түскен бойда сұрақ-жауаптың астына алып, бұл елге не мақсатпен келгендерін сұраған. Осылайша ел көреміз деп барған туристер жат елде жіпсіз байланып жатыр.

Айтуларынша, Инчхон әуежайында тағы жеті алматылық бар екен. Олар да бірнеше күннен бері елге қайта алмай жатқан көрінеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий