Оңтүстікте пышақпен қаруланған бір топ қыз букмекерлік кеңсені тонап кетті

Көрнекі фото: spb.aif.ru

Оңтүстікте пышақпен қаруланған бір топ қыз букмекерлік кеңсені тонап кетті. Оқиға Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Кеңсе ішінде болған қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Түн ортасында күзеті жоқ кабинетке бетін тұмшалаған 4 қыз кіріп келгенде жұмыс орнында екі бойжеткен болған. Оларға пышақ кезеп, кассадағы бар 350 мың теңгені алып, тайып тұрыпты.

Көп ұзамай жеткен полицейлер қарақшы қыздарды ұстады. Олар осы ауданның 18 бен 29 жас аралығындағы тұрғындары екен. Қыздардан құралған банда енді қамауда отыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий