Қоқыста жатқан ту. Скриншот: news.uko
Жерде иланып жатқан туды жария еткен автордың жазуынша, бұл Шымкенттегі балалар ауруханасының маңы.
«Шымкенттегі балалар ауруханасында. Нұрсәт шағынауданы. Мемлекеттік ту қоқыстың арасында жатыр. Оқырман назар салуымызды сұрады. Қазіргі таңда куәгерлер іздестірілуде», — дейді автор.
Ал желі оқырмандары: «Сұмдық», «Оларды тауып жазалау керек», «қатаң жазаға тарту керек», «айыппұл төлесін», — деген пікірлерін жаудырды.