Қоқыста жатқан Қазақстан туы желідегілердің ашуын келтірді (фото)

Қоқыста жатқан ту. Скриншот: news.uko

Әлеуметтік желіде қоқыс арасында жатқан Қазақстан туының фотосы пайда болды. Желі қолданушыларының ашуын келтірген сурет Instagram-дағы news.uko парақшасында пайда болған.

Жерде иланып жатқан туды жария еткен автордың жазуынша, бұл Шымкенттегі балалар ауруханасының маңы.

«Шымкенттегі балалар ауруханасында. Нұрсәт шағынауданы. Мемлекеттік ту қоқыстың арасында жатыр. Оқырман назар салуымызды сұрады. Қазіргі таңда  куәгерлер іздестірілуде», — дейді автор.

Ал желі оқырмандары: «Сұмдық», «Оларды тауып жазалау керек», «қатаң жазаға тарту керек», «айыппұл төлесін», — деген пікірлерін жаудырды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий