ОА елдері мен Ресей күштері есірткі таситын ірі топты жойды

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей ІІМ-нің бірлескен операциясы барысында синтетикалы есірткі дайындау мен сатумен айналысқан ірі қылмыстық топ жойылды.

Бұл туралы 21 маусымда Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцев мәлімдеді, деп хабарлады РИА «Новости».

«Операция барысында есірткі дайындайтын сегіз астыртын зертхана жойылды», — дейді министр.

Бірлескен операция жарты жылға созылған. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейде өткізілген операция барысында 20-дан астам адам ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий