Олимпиаданың ашылу салтанатының режиссері Холокост туралы әзілдегені үшін жұмыстан қуылды

Токиода Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының режиссері, комик Кэнтаро Кобаяси қызметтен алынды. Интернетте оның 1998 жылы түсірілген Холокост тақырыбындағы әзілінің видеосы жарияланған.

Кобаясидің қызметтен алынғанын Токиодағы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті хабарлады.

«Бұрындары Кобаяси тарихтың ақтаңдақ беттері туралы әзілдегені анықталды», — деді ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото. Режиссёр отыз жыл бұрынғы сөздері үшін кешірім сұрады. Кобаяси әзілдерінің орынсыз болғанын мойындады.

Интернетте жарияланған видеода Кобаяси «Холокост ойнауға» шақырып, қағаздан қиылған адамдарды шашқан.

Бірнеше күн бұрын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының композиторы 52 жастағы Кэйго Оямада қызметтен кеткен. Ол бір сұқбатында мүмкіндігі шектеулі сыныптастарын мазақтағанын айтқан.

Биыл ақпанда ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори қызметтен кетті. Ол спорт комитеттері мен федерацияларда әйелдердің көп болуы салдарынан жиналыстар ұзаққа созылады деп мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий