Олжас Сүлейменов қазақ жерін шетелдіктерге жалға берудің қауіпті екенін айтты (видео)

Ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов жер саудасына қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Азаттық.

Жерге қатысты ойын Олжас Сүлейменов Алматыда өзінің 80 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан конференция кезінде айтқан.

«Халық жер мәселесіне келгенде өзінің шын ниетін танытып отыр деп ойлаймын. Мұны кімнің басқарып, пайдаланып отырғаны түсініксіз. Бірақ, мен өзім жерді, ауқымды жер телімдерін шетелдіктерге ұзақ мерзімге беру қауіпті деп санаймын. Өйткені, 25, 49 жыл ішінде ол жерлерге шетелдерден жұмысшы адамдар қоныстандырылып, орнығып алуы мүмкін. Онда бұл мәселені шешу қиын болады», — дейді ақын.

Сондай-ақ, ақын жер реформасының елдің Тәуелсіздігіне де нұқсан келтіруі мүмкін екендігін, сол үшін заңға жерді жалға беру мерзімін қысқартатын өзгерістер енгізу керектігін айтқан.

Еске сала кетейік, кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі өзгертулерге мораторий жариялады.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий