Он литр суды көзінің қабағымен көтерген азамат көпшілікті аң-таң етті (фото, видео)

Сун Тао. Фото: metro.co.uk

43 жастағы қытайлық азамат Сун Тао он литр су құйылған шелекті көзінің қабағымен ғана көтеріп, жұртты таңырқатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы metro.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шаньдун провинциясының Дуньин қаласында тұратын азамат бастапқыда биші болған.

«Мені Гуансиде бір ұстаз жаңа өнер түріне баулыды. Ол қабағыммен түрлі заттарды көтеруге үйретті. Алдымен көзіме екі түйме қоямын. Әр түймені стерильдеп отырмасам, көз жанарыма зақым келуі мүмкін», — дейді Сун.

Елдің көзінше он литр суды қабағымен көтеріп жүрген Сун көпшілікті таң қалдыруын жалғастыруда. Ол алдағы уақытта салмақты көбейте түсуді жоспарлап отыр.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий