Қонақүйде көңілдесін тонап кеткен қостанайлық келіншек ұятқа қалды

Көрнекі фото: www.psychologos.ru

29 жастағы қарабалықтық азамат тәртіп сақшыларына қалтасынан 75 мың теңгесі жоғалғанын айтып шағымданған. Кейін анықталғандай, ұры деп отырғаны өзінің көңілдесі болып шығыпты деп хабарлайды «Қостанай таңы» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жәбірленуші қолының сұғанағы бар арудың «сезіміне» құлай сенгенін айтады. Олар оқиға болғанға дейін қонақүйден бөлме жалдап, спирттік ішімдік пен ас-ауқат алған.

Жігіт көз ілісімен, 28 жастағы қыз оның қалтасын «тазалап», өзінің заңды күйеуіне асықса керек.

Қылмысы әшкере болғанша ол «оңай олжасын» түгелімен жұмсап үлгеріпті.

Тәуір басталған «махаббат хикаясының» соңы әкімшілік жазаға ұласты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий