Оралда бейтаныс адам төрт жастағы баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды

Күдікті бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

Оралда «бала ұрлады» деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов. Бұл туралы Today.kz «Интерфакс-Қазақстан»-ға сілтеме жасап жазады.
«21 қарашада Көкшетау көшесінде жас ана балаларымен бірге далада серуендеп жүрген. Белгісіз ер адам оның баласын көтеріп, қаша жөнелген. Оның артынан адамдар жүгірген соң, ол баланы тастай сала жасырынып қалған», — деді сәрсенбі күні журналистерге Бисенов.
Оның сөзінше, оқиға орнына жақын маңдағы патрульдер жетіп, ер адамды құрықтаған. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау абақтысында отыр.
Анықталғандай, күдікті бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Ұстау кезінде оның мас болғаны әрі есіркі қолданғаны белгілі болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау » бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий