Владимир Путин. Фото: РФ президентінің баспасөз қызметі
Бұл сапар аталған республикалармен дипломатиялық қатынас орнатылғанына 25 жыл толуына арналады, деп мәлімдеді Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков.
Путин Тәжікстанға «қысқа, бірақ ресми сапар» жасайды, деп хабарлады Ушаков. Оның айтуынша, сапар барысында Путин Тәжікстан президентіне екі ел арасындағы қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін Александр Невский орденімен марапаттайды.
Бұған қоса, Владимир Путин мен Эмомали Рахмон Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери базаның мәселелерін де талқылайды. Путиннің сапарына орай ресейлік билік 68 мың тәжік мигрантына рақымшылық жариялауы мүмкін.
28 ақпанда Владимир Путин Қырғызстанға барады. Қырғызстан президенті аппаратының хабарлауынша, Алмазбек Атамбаев пен Владимир Путин бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы мен Еуразиялық экономикалық одақ мәселелерін талқылайды.
Путиннің Қазақстанға сапарының жай-жапсары анықталып жатыр.