«Оскар» сыйлығының үміткерлері белгілі болды

АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында «Оскар» сыйлығының үміткерлер тізімі жарияланды.

«Ең үздік фильм» номинациясы бойынша «Белфаст», «Жоғарыға қарама», «Дюна», «Ит билігі» және «Вестсайд тарихы» фильмдері үміткерлер тізімінде.

«Қысқа метражды үздік анимациялық фильм» категориясында Санкт-Петербургтағы «Мельница» студиясы түсірген «Боксбалет» фильмі көрсетілген. Бұл фильммен сыйлық үшін «Өнер», «Бестия», «Робин» және «Терезе тазалағыш» фильмдері сайысқа түседі.

Режиссер Джейн Кэмпионның «Ит билігі» фильмі 12 номинация бойынша үміткер тізімінде. Дени Вильнёвтің «Дюна» фильмі 10 категория, «Белфаст» және «Вестсайд тарихы» фильмдері сегіз категория бойынша сайысқа түседі.

«Оскар» сыйлығын 94-рет тапсыру салтанаты 27 наурызда Голливудта өтеді. АҚШ-та оны ABC телеканалы тікелей эфирде көрсетеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий