Зорлық көрсету. Көрнекі фото: sntat.ru
Қостанай облысы Арқалық қаласында аяусыз зорланған әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
53 жастағы әйелдің мәйіті көпқабатты үйдің жертөлесінде табылған. Жантүршігерлік қылмыс 22 қыркүйек күні болды. Келесі күні табылған әйелдің мәйітінен зорлық белгілері анықталды. Нақтырақ айтқанда: мойны кесіліп, скотчпен оралған, беті көгеріп, қолдары байланған.
Полицейлер екі күдіктіні құрықтады. Олар өз кінәларын мойындап отыр. Күдіктілердің бірі жиырма жастан енді асса, енді бірі кәмелет жасқа толмаған. Екеуі де психиатрдың тіркеуіне алынған.
«Новости Аркалыка» басылымының айтуынша, күдіктілердің бірі әйелді зорлағаннан кейін өлтіріп тастағанын мойындады.