Қостанайда 35 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Қостанай қаласының тұрғыны 35 жастағы Данияр Күзембаевтың хабар-ошарсыз жоғалып кетуіне байланысты Қостанай облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінде тәртіп сақшылары мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Қостанай таңы басылымы хабарлайды.

ІІД басшысының орынбасары, полиция майоры Ерлан Рахимовтың айтуынша, 15 ақпан күні полиция қызметкерлеріне Даниярдың жоғалып кеткені туралы әйелі Эрика Кригер хабар берген. Тез арада қылмыстық іс қозғалып, полицейлер соңғы мәліметтер бойынша іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Бүгіндері мәселенің басын ашатын бірнеше күдікті жайттар назарда ұсталып отырған көрінеді. Қостанай қаласының ІІБ қылмыстық істің тергеу жұмыстарын өздері қадағалап отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ескерте кетейік, қостанайлық Данияр Күзембаев ақпан айының 11-нен 12-не қараған түні із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий