Қостанайда бұрынғы шенеуніктің өлім алдындағы хаты табылды

Көрнекі сурет: kstnews.kz

Қостанай стансасы бастығы Бауыржан Танкеевтің жантәсілім етер алдындағы хатының мазмұны белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Еске сала кетейік, Танкеев 20-нан 21 ақпанға қараған түні өзінің үйінде асылып қалды. Ол Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің офицері Сұңқар Қозбақов пен Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Мұхамеджановтың қатысы бар атышулы сыбайлас жемқорлық туралы істің қатысушысы атанған.

Танкеевтің мәлімдемесі арқылы Қозбақов пара алу бойынша, ал Мұхамеджанов сыбайлас жемқорлық қылмысына делдал болғаны және алаяқтық жасағаны үшін тұтқындалды. Бүгінде олардың екеуі де тергеу оқшаулағышында қамауда отыр.

Алайда, Танкеев өлім алдында жазған хатында сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің қызметкерлерін қысым жасағаны үшін айыптаған.

«Тергеу жүргізген қызметкерлер тарапынан қысым көрсету арқылы түсінік бергенім үшін өміріммен қоштастым. Сондықтан, өз сөздерім мен түсінігімнен бас тартамын. Қорыққанымнан барлығына келістім, мұнымен өмір сүре алмаймын. Ренжіткен болсам, кешірім сұраймын», — делінген өлім алдындағы хатта.

Өлім фактісі бойынша өзін-өзі қол салуға жеткізу бабы бойынша сот алдындағы тергеу шаралары жүріп жатыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий