Қостанайда екі азаматты үстілеріне жанармай құйып, тірідей өртеп жіберді

Жалын. Көрнекі фото: Қостанай таңы

Рудныйда қылмыскерлер күзетшіге және оның вагондағы досына шабуыл жасап, ұрып-соғып, үстілеріне жанармай құйып, өртеп жіберген. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қостанай таңы басылымы хабарлайды.

«Айыптау болжамына сәйкес, бес жас жігіт Рудныйдағы кафелердің бірінде арақ ішіп алған. Олардың бірі «ССКӨБ» АҚ карьерінде қара және түсті металл жинаушы болып жұмыс істеген. Жігіттердің бірі қасындағыларға металл ұрлауға ұсыныс жасайды. Бөтелкелестері келісе кетіп, такси шақырып, дәріханаға барады.

Одан медициналық маска мен скотч сатып алып, әрі қарай бау-бақшалық шаруашылыққа бет алады. Сол жерде орналасқан арнайы вагонда күзетші досымен бірге алаңсыз отырған. Қаскүнемдер ішке кіріп, олардан қойма кілтін талап етіп, соққыға жығады. Алайда күзетшіде кілт болмаған. Сол кезде қылмыскерлер құрбандарын далаға алып шығып, қол-аяқтарын скотчпен матап, үстілеріне жанармай құйып, өртеп жіберген.

Кейін өртті сөндіріп, айыпкерлер жалпы құны 96 мың болатын 80 келі металл сынықтарын ұрлайды. Ал жәбірленушілерді ес-жады бар күйінде бригада жұмысшылары тауып алып, Рудный қалалық ауруханасына жеткізді. Алайда олар комаға еніп, естерін жимаған қалпында жан тапсырды», — делінген хабарламада.

Марқұмдар өлім алдында полицейлерге қылмыскерлер туралы айтып үлгерген. Тәртіп сақшылары жедел іске кірісіп, күдіктілерді қолға түсірді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий