Полицейлер тастанды нәрестенің ата-анасын іздестіріп жатыр.
Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Alau.kz -ке сілтеме жасап.
Бұл деректі Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растап отыр. Оқиға 2 тамыз күні әскери қалашықта болған.
«Қазір ауладағы барлық тұрғындарға сұрау салынып жатыр, пәтерлерге кіріп жүкті болып үйлерінде отырған әйелдер туралы сұрастырылды. Бұл сұмдық жағдай», — деді аудан тұрғыны Татьяна Нечаева.
Полицейлер тастанды нәрестенің ата-анасын іздестіріп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Фото: alau.kz