Қостанайда шенеунік 300 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып қалды

фото: nikmedia.com.ua

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сисеновты ұстады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Оңай жолмен ақша таппақ болған Б. Сисенов аудан аумағындағы 3 құрылыс нысанын қолданысқа беру актілерін тіркеуі үшін жеке кәсіпкерден 300 000 теңге көлемінде пара алған.

Лауазымды тұлға Рудный қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметінен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий