Қостанайда жүкті әйел жолдың нашарлығынан перзентханаға жете алмай босанып қалды

Жүкті келіншек. Көрнекі фото: berry-lady.ru

Қостанай облысы Қашар ауылының тұрғыны жолдың нашарлығынан дәрігерлерге уақытылы жете алмай, тура перзентхана ауласында босанып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Qostanay.TV сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі ұлдың анасы Наталья бұл жайт қорқынышты түстей болғанын есіне алды.

«Қашарда перзентхана жоқ. Сондықтан Рудныйдың перзентханасында босанамыз. Толғақ басталғанда жергілікті медбике екеуіміз жедел жәрдемді күтпей, өз көлігімізбен тезірек жеткен дұрыс деп шештік. Жарты сағат уақыт жолға кетті. Әбден тозығы жеткен тас жолда көлік қатты селкілдеді. Оның үстіне қар түсті. Мені аздап шайқалтып тастады», — дейді келіншек.

Келе салысымен дәрігерлер әйелдің қасына топырлап, көмек көрсетуге кіріскен. Бала дүниеге келуге шақ қалғандықтан, оны көлік ішінде босандыру шешімі қабылданды.

«Сол сәт шала есімде. Күйеуім Сергей көлікті шыр-көбелек айналып жүрді. Босана салысымен мені емханаға алып кірді» — дейді Наталья.

Бала аман-есен, 3,85 келі салмақпен дүниеге келді. Бойы — 54 см. Ұл баланың есімін ата-анасы Денис деп қойды.

«Мені жүкті дәрігер босандырып алды. Сол сәтте маған көмектескен барлық дәрігерлерге алғысым шексіз», — дейді Наталья.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий