Отадан кейін қайтыс болған тәжік режиссерінің туыстары дәрігерлерді айыптады

Мемлекеттік опера және балет театрының бас режиссері Шавкат Халиловтің туыстары оның өліміне дәрігерлерді айыптап отыр. 66 жастағы Халилов 15 мамырда ауруханада қайтыс болған.

Дәрігерлердің айтуынша, режиссер шалдыққан кеселдер отадан кейін оны қатты әлсіреткен.

Денсаулық сақтау министрлігі Халилов туыстары шағымынан кейін тексеру жүргізген, бірақ дәрігерлер пікірін қолдаған.

Марқұмның әйелі Умеда Халилованың айтуынша, күйеуі ауруханаға өттегі тасты алдырту үшін барған. Ұлттық медицина орталығының дәрігерлері 3 мамырда ота жасаған.

Халилованың айтуынша, ертесіне күйеуінің жағдайы күрт нашарлаған.

«Оның тынысы тарыла берді. Не болғанын білгім келді, бірақ дәрігерлер мені шығарып жіберді» дейді марқұмның әйелі.

Алайда дәрігерлер отадан соң науқастың жағдайына оның созылмалы аурулары кері әсер еткен, режиссер соның салдарынан қайтыс болған дейді.

«Науқас анамнезінде инфаркт, гепапит С, гипертония, созылмалы бронхит аурулары болған. Осының бәрі науқастың жағдайын ушықтыруы мүмкін» дейді дәрігер Нурулло Курбонов.

Марқұмның әйелінің айтуынша, оның күйеуі екінші отадан соң есін жимаған, 15 мамырда ауруханада қайтыс болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий